Бір тіл — кез келген жазу
Қытайдағы қазақтар төте жазуды, Қазақстандағы қазақтар кириллицаны қолданады. KazScript осы екі жазудың арасындағы көпір: бір-біріміздің кітабымызды, жаңалығымызды, хатымызды еркін оқи алуымыз үшін.
Не істелді
- Төте ↔ кирилл түрлендіргіші жұмыс істеп тұр
- 289 мың сөз жұбы жиналды, жиі қолданылатындарын редакторлар тексеруде
- Түрлендіру дәлдігі алғаш рет өлшенді: жиі қолданылатын сөздерде 90%-дан асты
Алдағы жоспар
2027, қаңтар
Төте → кирилл дәлдігін сөйлем деңгейінде де 90%-ға жеткізу
2027, ақпан
Чат түріндегі KazScript AI: жазуды өзі анықтап, өзі түрлендіреді
2027, наурыз
Өзіміз оқытқан шағын модель — тәуелсіз KazScript AI-дың алғашқы қадамы
Қолдауыңыз неге жұмсалады
- Модельді оқытуға арналған есептеу қуаты (GPU)
- Сервер мен дерекқор
- Сөздерді тексеретін редакторлардың еңбегі
Қалай қолдауға болады
Бөлісу
KazScript туралы төте немесе кирилл оқитын досыңызға айтыңыз — бұл да үлкен қолдау.
Байланыс
← Басты бетке оралу